Елордада жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, екінші бір автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, жол апаты 26 қарашада сағат 10.50-де Байсейітова көшесінің бойында Шақпақ аялдамасы маңында болған.
«№20 бағыттағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, нәтижесінде №39 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкері №20 автобус жүргізушісіне хаттама толтырды, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберіледі. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркеу журналында көрсетілмеген, жолаушылар көлігін жүргізу бойынша 5 жылдық тәжірибесі бар. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өту уақыты – 6.00, желіге шығуға рұқсаты бар», – деді CTS өкілі.