Қалалық қоғамдық-саяси газет

ШҚО-да нотариус клиентінің пәтерін өз атына аударып алған

0 242

ШҚО-да нотариус 24 жастағы әйелдің пәтерін өз атына аударып алған. Алаяқтықтың құрбаны болған әйел Алтай аудандық полиция бөлімшесіне шағым түсірген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өз шағымында 51 жастағы нотариусты жауапқа тартуды сұраған. 2020 жылдың 20 қарашасында, Жаңа Бұқтырма елді-мекенінде нотариус алдап-арбау жолымен оның пәтерін өз атына аударып алған.

Осылайша оған 4 400 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды.

Зардап шеккен әйел пәтер құжаттарын тексерту үшін нотариустың қызметіне жүгінген. Әңгіме барысында ол қаржылай қиындыққа тап болғанын айтқан. Оған әйел қарыз ұсынып, кепіл келісім-шартын рәсімдеген.

Ай сайын қарыз өсімін төлеп отыруға міндеттелген әйелге оны өтемеген жағдайда пәтердің сатылымға қойылатынын айтқан.

Арада біраз уақыт өткен соң, пәтер иесі құжаттарын тексеріп, ақырында оның басқа адамның атына аударылғанын анықтаған. 

Нотариус сату-сатып алу келісім-шартын рәсімдеген. Аталған факті бойынша ҚК-нің «Алаяқтық» 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол бойынша, күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.