Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

0 261

Бүгін 26 қарашада Алматыда қайтыс болған ақын Арон Атабектің денесі жер қойнауына тапсырылды. Марқұмның жаназасы қарындасының үйінде өтті,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоштасу рәсіміне жүзден аса адам жиналды. Олардың арасында марқұмның туыстары, қоғам қайраткерлері мен журналистер бар. Жиналғандар Арон Атабектің жақындарына көңіл айтты.

Арон Атабек Алматы сыртындағы Бағанашыл зиратына жерленді.

Белсенді 24 қазанда 68 жасында ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылғаны айтылған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.