Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ер адамдарды өзіне ғашық қылып, үйлеріне көшіп, артынша тонаған: Алматыда жәбірленушілер іздестірілуде

0 4  148

Алматыда 44 жастағы шетелдік әйел ер адамдардың сеніміне кіріп, артынша тонап кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Алматыда уақытша тұратын 44 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Әйел ер адамдармен танысып, сенімдеріне кіріп, «жәбірленушінің” үйіне көшіп барып, бірнеше күннен кейін телефондарын, ақшасын, кез келген құндылығын алып кеткені анықталды.

«Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматшаның қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда. Қазіргі уақытта оған екі қылмыс бойынша айып тағылуда», – деді Алатау облыстық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полиция қызметкерлері осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-747-482-22-83.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.