Қалалық қоғамдық-саяси газет

Болгариядағы жол апаты: Қаза тапқандар арасында бір отбасының 11 мүшесі болған

0 438

23 қарашада Болгарияда жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус өртеніп, 46 адам қаза тапқан, олардың 12-сі балалар. Trafficnews басылымының мәліметінше, көз жұмғандар арасында 11 адамнан тұратын отбасы да болған. Олар Скопье қаласынан Ыстамбұлға бара жатқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрбандар арасында Студеничани ауылының 4 тұрғыны, Скопье қаласындағы Исмаил Кемали бастауыш мектебінің оқушылары болған. Қазір бастауыш мектепте жұмыс уақытша тоқтатылған.

Жол апатынан қаза тапқан ең жас жолаушылар – Луан және Албан Ахмети есімді егіздер.

Автобуста болған жалғыз Сербия азаматы Лулзим Сулеймани мен қалыңдығы аман қалған. Олар Ыстамбұлға бармақшы болған.

Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев аман қалғандардың бірімен тілдескен. Айтуынша, жолаушы жарылыс дауысынан оянған. Кейбірі автобустан терезелерін сындырып шыққан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.