Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды

0 172

Алматы метросы енді «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов бүгін өткен брифингте хабарлады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Енді метрополитен жолағы Қалқаман елді-мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі.

Қосымша екі станция салынып, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді әкімдік өкілі.

Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.