Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық депутат желден зақымданған үйлердің шатырын жөндеп беруде

0 207

Жамбыл өңірінде секундына 26-38 метрге дейін соққан жел Байзақ ауданындағы Бесағаш ауылында 16 пәтерлі баспананың шатырын көтеріп, жарамсыз еткен. Қиындыққа тап болған тұрғындарға аудандық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаев қол ұшын созды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Халық қалаулысы үйдің шығын көлемін есептеп, 42-ге жуық тұрғыны бар баспананың шатырын ауыстыру жұмыстарына кірісіп кетті. Іргесі 1960 жылы қаланған пәтердің шатыры осы күнге дейін жаңаланбағанын ескерген Дәурен Хайроллаұлы толықтай ауыстыру үшін қажетті құрылыс заттарына тапсырыс беріп қойған. Бүгінде құрылысшылар жұмыстың бел ортасынан өтіп, 3-4 күнде аяқтауды жоспарлап отыр.

Тұрғындардың бірі Гүлсина Имамова қысылтаяң шақта жәрдемдескен азаматқа көпшіліктің атынан алғысын білдірді. «Кешегі бұрқасын желдің салдарын көріп, қатты алаңдаған едік. Төбемізді жел ұшырып, ағаштары жарамсыз болып шықты. Ал күздің тосын мінезін қашан көрсететінінен ешкім хабарсыз еді. Осындай кезде халық қалаулысы дүйім жұрттың тілегін орындап, игі іс жасауға кіріскенін естіп, қуанады екенсің. Бүгінде құрылысшылар келіп, шатырды жаңалап жатыр. Дәурен балаға тұрғындар атынан ризашылығымды айтамын», – деді зейнеткер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.