Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан АҚШ-тың «демократия саммитіне» шақырылмады

0 480

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Джо Байден ұйымдастырған «демократия саммитіне» шақырылған мемлекеттер тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Виртуалды іс-шара 9-10 желтоқсан аралығында бейнеконференция түрінде өтеді. Жиынға 110 ел қатыспақ.

Тізімде Қытай, Ресей және Қазақстан жоқ. Венгриядан өзге ЕО-ға мүше елдердің бәрі дерлік шақырылған.

АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия да саммитке шақырылмаған.

Алайда Байден әкімшілігі Польша, Үндістан және Филиппинді шақырған. Бұрынғы КСРО елдері арасында Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия және Эстония шақырылған. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан қатысушылар қатарында жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.