Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда ұрылар зауыттан 4,7 миллион теңгенің өнімін ұрлап кетті (видео)

0 542

  Жамбыл ауданының полиция бөліміне ЖШС директоры хабарласып, ағымдағы жылдың 10-18 қарашасы аралығында белгісіз тұлғалар зауыт аумағындағы екі жүк вагонын ашып, жалпы құны 4 735 000 теңге көлеміндегі «натрий триполефосфатының» 484 қабын, яғни 12,3 тонна өнімді ұрлап кеткендігі туралы шағымданған,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 2 күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.