Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаркент тұрғыны ағасын сынған компьютер үшін балғамен ұрып өлтірді

0 306

Жаркент тұрғыны ағасын балғамен ұрып өлтірді, деп хабарлады  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қараша күні Панфилов ауданының полиция бөлімшесіне жеке тұрғын үйлердің бірінен дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері дереу сол жерге аттанды.

Сол күні полиция бөлімшесіне жәбірленушінің інісі келіп, қылмыс жасағанын мойындады.

21 жастағы ер адамынң айтуынша, ол ата-анасы және екі ағасымен тұрады. Сол күні әкесі мен анасы түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен. Түнде ағасы мас болып келіп оны оятқан. Олардың арасында жанжал туындады. Сол кезде ағасы оның масыл екенін айтып, компьютерін шағып тастаған. Оның ұйықтағанын күткен інісі ол көз жұма сала басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Соққы салдарынан ер адам сол жерде көз жұмды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі «Кісі өлтіру» бойынша іс қозғалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.