Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

“Жолымыз ажырады”: Ерке Есмахан AZ-мен айырылысқанын мәлімдеді

0 669

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың қарым-қатынасына нүкте қойылды. Қос жұлдыздың жолы екіге айырылды. Мұндай шешімге Еркенің өзі келген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерке Instagram-да оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. “Жігітіңіз қайда?” деген сауалға:

“Жолымыз ажырады! Екі бөлек кеттік! Бұл ортақ шешім емес! Бұл менің қалауым болды! Енді алдағы уақыт бір Алланың еншісінде! Тек жақсылық болсын!” – деп жауап берді.

Аяқ астынан мұндай мәлімдеме жасаған әншіні көпшілік сұрақтың астына алды. Екеуінің айырылысу себебін білгісі келгендер көп болды. Тіпті, Азамат Еркеге опасыздық жасады деп болжағандар бар. Оған Ерке:

“Жоқ! Ондай жасайтын адам емес! Себебін сұрамаңыздар! Айтпаймын, тошкы! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)”, – деді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.