Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында көлік жүргізушісі мүгедек азаматты ұрып жығып, далада қалдырып кеткен

0 176

Алматы облысында гемодиализ орталығының көлік жүргізушісі науқасты ұрып тастаған. Соққының астында қалдым деген бірінші топтағы мүгедек Ғабит Қойшыбаев есімнен танып жатқанда үйге келінім кіргізіп алды дейді. Ал гемодиализ орталығына науқастар таситын азамат арада жанжал болғанын жасырмайды. Бірақ науқасты ұрғаным есімде жоқ деп ақталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашуға булыққан жүргізуші науқасты бірнеше рет ұрып, есінен тандырып кетіп қалған. Ес-түссіз жатқан бірінші топтағы мүгедек Ғабит Қойшыбаевты келіні үйге кіргізіп алған екен.

“Артқы есік ашық тұр деп айттым. Соған қарамастан ол орнынан көлікті жұлқып, жылдамдықты қосты. Тоқтауын өтініп, түсіп қалдым. Маған қасыма келіп айқайлап, балағаттай бастады. Мен шыдамай шапалақпен ұрғанымды білемін. Ары қарай есімде жоқ”, – дейді жәбірленуші Ғабит Қойшыбаев.

Медициналық тексеруден кейін науқастың жабық ми жарақатын алғаны белгілі болыпты. Сонымен қатар, артериялық қан тамыры жарылып, ісіп кеткен. Ал көлік жүргізушісі болса, науқасқа дөрекі сөйлегенін мойындайды, бірақ ұрғаным есімде жоқ деп ақталды.

“Мен оны ұрғаным есімде жоқ деймін. Мен оны тіпті ұрғаным жоқ. Итеріп, қолынан итермелеп, алысқанымыз бар. Енді ызалықпен айтқан сөзім де бар шығар . Бірақ енді адамның өзінің құқығы бар ғой”, – дейді көлік жүргізушісі Мақсат Тәжиев.

Болған жайтқа байланысты амбулаторлық гемодиализ орталығының басшылығы науқастарды тасымалдаумен айналыстын компанияға хат жолдаған екен.

“Егер сол жүргізушінің дөрекі істері дәлелденіп, құзырлы органдар оған қатысты бір шаралар қолданатын болса, кінәсі мойындалса, жүк тасымалдаушы компанияны ауыстыру туралы шешім қабылдаймыз”, – дейді Fresenius medical care компаниясының медициналық басшысы Еркебұлан Кәрібаев.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша медициналық сараптама тағайындалып, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.