Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұмысындағы олқылықтар үшін: «ҚазАвтоЖол» басшысы жауапкершілікке тартылды

0 140

Жұмысындағы олқылықтар үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы партиялық жауапкершілікке тартылды. Асқар Мұратұлы «ескерту» алған. Бұл туралы «Нұр Отанның» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, партиялық бақылау комитеті Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімовке, сондай-ақ Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиевке сөгіс жариялады. Нұротандықтар кейбір транзиттік жолдар секілді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, мұнымен қоса әкімдіктердің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп бағалаған.

Тағы бір мәселе, көптеген өңірлер жүк тасымалдаушы компаниялардың шығынын субсидиялауға асықпайтынын көресетіп отыр. Сол себепті кәсіпкерлердің жүргізуші мен механик сияқты жұмысшылардың жалақысын төлеуге қаражаттары жетпейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.