Қалалық қоғамдық-саяси газет

73 жастағы петропавлдық әжей TikTok жұлдызына айналды

0 385

  73 жастағы петропавлдық әжей TikTok жұлдызына айналды. Валентина Золотареваның әлеуметтік желідегі парақшасында 127 мың жазылушысы бар. Ол өз жазбаларында денсаулыққа арналған рецепттерді, қала жаңалықтарын және өзі туралы ақпараттармен бөлісіп отырады. Әжейдің әлеуметтік желідегі лақап аты Валентинка екен. Әйел тек бейнежазбалар ғана түсірумен шектелмейді, сонымен қатар ол жұмысқа баруын жалғастырып, сыртқы келбетінің күтіміне де қарайды. Бұл жайында «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Валентина Золотарева алғашында өзі туралы, өзінің айналысатын сүйікті істері туралы жазбалар салып жүрген. Бірақ кейін тиктокер-әжей атаулы әлеуметтік желіде бір тақырыпты ұстану керек екенін түсінеді. Ал кейін қан қысымына арналған рецепті екі миллионнан астам қаралым жинағаннан кейін, қолданушыларын не қызықтыратынын түсінген.

«Қазір адамдарды денсаулық жайлы ақпарат қызықтырады. Бұл адамдағы ең қымбат нәрсе. Дәрі-дәрмек болса өте қымбат. Менің әжем халық еміне әуес болған, ол 90 жыл өмір сүрген. Менде дәрі жоқ. Бәрін өзім емдеймін», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Валентина Золотарева.

Валентина Сергеевна салауатты өмір салтын ұстанады, ол жұмысқа күніне 5 шақырым жаяу жүріп барады. Ол өмір бойы зауытта еңбек еткен, тіпті еңбек демалысына шықса да сол жерде жұмысын жалғастыруда.

Валентина Золотарева өзінің танымал бола бастағанын сезінетінін айтады.

«Әрине, сеземін, әсіресе күніне 5 мың жаңа жазылушылар пайда болғанда. Қазір одан аз, әрқашан бір алға ұмтылатын серпін болуы қажет. Тоқтамау қажет», – дейді әжей.

Валентина Сергеевна тек лайк пен қаралу санына ғана қарап қуанбайды. Ең бастысы, менің қазір достарым көп дейді зейнеткер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.