Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық әйел үш баласымен бірге 9 қабаттан секіріп кеткен

0 569

Алматылық әйел үш баласымен бірге 9 қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Жетісу 1 шағын ауданында болған.

Қазіргі уақытта әйел мен екі баласының қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған.

Балалардың үлкені аман қалған, қазір ол ауыр күйде ауруханада жатыр.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге апару») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.