Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ең әдемі волейболшылардың бірі қазақстандық клубта ойнайтын болды

0 435

Клубтық әлем чемпионаты мен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы Бетания Де Ла Крус енді Қазақстанда «Алтай» волейбол клубында ойнайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы волейболшы — 2005 жылдан бері Доминикан Республикасы құрамасының құрамында құрлықтық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Клубтық деңгейде Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркия командаларында өнер көрсетті.

Де Ла Круз — 2015 жылғы клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы және 2015 жылғы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы. Ол, сонымен қатар, Доминикан Республикасы — 2006, Жапония — 2008, Пуэрто-Рико — 2011, Оңтүстік Корея — 2014 және Ресей — 2017 және 2020 чемпионаттарында жеңіске жетті.

Карьерасында бірнеше рет MVP және ең жақсы шабуылшы-ойыншы деп танылды. 2013 жылдан бастап Бетания Доминикан Республикасы құрамасының капитаны.

Спорттық жетістіктерден басқа, БАҚ-та Бетания Де Ла Крус ғаламшардың ең әдемі волейболшыларының бірі мәртебесін алды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.