Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда ер адам өзін полиция қызметкері деп таныстырып жезөкшені бопсалаған

0 512

Нұр-сұлтан қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері екі ай бойы азаматтарды алдап, ақша ұрлаған 26 жастағы ШҚО тумасын ұстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасаған кезде ер адам өзін полиция қызметкері деп таныстырған. Күдікті елорда тұрғынынан 300 мың теңге талап еткен.

Әйелдің жыныстық қызмет көрсететінін біліп, оны әкімшілік қамауға аламын деп қорқытқан. Жалған полицей әйелді өз шотына ақша аударуға мәжбүрлеген», – делінген хабарламада.

Ер адамнің алаяқтықтың тағы бірнеше іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.