Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысындағы жойқын жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

0 552

Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, Ақмола облысының Шортанды ауылында газ баллоны жарылысы салдарынан зардап шеккен 2009 жылы туған бала 20 қараша күні кешке көз жұмды. Айта кетейік, бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды, себебі жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 70 пайыз болды. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы да байқалды», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде болған науқасты құтқару мүмкін болмады.

«20 қарашада баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шаралар аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Сағат 21:00-де биологиялық өлім анықталды. Біз баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп толықтырды ведомстводан.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен тағы үш баланың бірінің жағдайы ауыр.

«Үш баланың бірінің денесі 60 пайыз күйік алған, жағдайы өте ауыр жансақтау бөлімшесінде жатыр. Өткен аптада тағы екеуі бейінді бөлімшеге ауыстырылды, онда барлық қажетті ем алып, дәрігерлердің бақылауында болады. Балалардың жағдайы тұрақты, динамикада нашарлаусыз», – түйіндеді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентінде Линейная көшесіндегі үш пәтерлі барак үйде болды. Жарылыстан кейін 3 пәтер өртеніп, оның бір бөлігі құлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.