Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шалғай қарасуда «Көше күні» тойланды

0 237

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала және көше тарихын насихаттау мақсатында басталған «Көше күні» жобасының тараздықтар үшін маңызы бөлек. Себебі апта сайын өтетін іс-шараға тұрғындар белсенді қатысып, танымын арттыруда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бағыты бөлек келезекті іс-шара Шалғай қарасу алқабы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшеде өтті. Алашорда үкіметінің мүшесі, ұлт жанашыры бола білген қазақ халқының біртуар азаматы бола білген. Сол үшін де қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сауалнама жүргізді.  Бұл күні аталмыш көшеге сахна алаңшасы қойылып, өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қазақтың бас ұстазы туралы сахналық қойылым да көрерменді тәнті етті. Сондай-ақ тұрғындар кітап және қолөнер бұйымдарынан жинақталған көрмені тамашалап, арзандатылған бағадағы азық-түлік өнімдеріне қарық болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.