Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақсу қаласында 72 жастағы анасына тыныштық бермеген ер адам қамауға алынды

0 546

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғыны анасына жанжал шығара берген соң кейуана полицияға шағымданады. Алайда, бұл әрекет баласына тосқауыл болмаған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу қаласының полициясына 72 жастағы әйел өз ұлына қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді. Ер адам үйде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, анасына психологиялық және моральдық қысым көрсеткен. Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.

«Қорғау ұйғарымы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шығарылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарамастан іздестіруге, қудалауға, телефон арқылы сөйлесуге, онымен өзге тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады», – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев. Тәртіп сақшысы материал сотта қаралғанын атап өтті. Сот шешімімен отбасылық жанжал шығаушы кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Алайда қамаудан оралғаннан кейін ер адам анасына қайтадан жанжал шығарған.

«Бұл жолы қорғау нұсқамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік кодекстің 461-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, онда сот қаулысымен отбасылық жанжал шығарушы кінәлі деп танылды, 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалып, ерекше талаптар белгіленді», – деп хабарлады Дәулет Молдабаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.