Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір ауруханадан екіншісіне алып барған: Жаңғақ жұтып көз жұмған баланың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

0 518

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында жаңғаққа қақалып қайтыс болған баланың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қайғылы оқиға 11 қарашада болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қарашада Көктал ауылында той болған. Ата-анасымен бірге тойға барған бала жаңғақ жұтып қойған.

«Баланы емханаға алып келгенде жаңғақ жұтып қойғанын айтты. Алдымен баланы Көктал ауылының амбулаториясына апарған. Ол жерде алғашқы көмек көрсетілген. Бірақ тамағында тұрып қалған жаңғақты ала алмаған соң Үржар аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда балада тыныс жеткіліксіздігі байқалған. Дәрігерлер трахеостомия жасады, алайда нәтиже бермеген», –  деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Үржар ауданында 3 жасар баланың жаңғаққа қақалып мерт болғаны туралы хабарлған едік.

«2018 жылы туған баланың өліміне қатысты Үржар аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалып, істің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.