Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы белгілі болды

0 407

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың ақпан айында сайланған. Әкімнің орынбасары Шөкеевтің жалақысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеев облыс әкімі болып сайланғанға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған.

«Өмірзақ Естайұлының жалақысы – 1 миллион 900 мың теңге (4 400 доллар)», – деп мәлімдеді Сәкен Қалқаманов сұхбат барысында.

Экономика ғылымдарының докторы Шөкеевтің тәжірибесі мол. Ол әр жылдары экономика және ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облысы мен астана әкімі секілді лауазымды қызметтерді атқарды. Сонымен қатар Елбасы әкімшілігі басшының орынбасары және «Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма өкілі болып жұмыс істеген. 

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының биылғы жылғы рейтингінде Өмірзақ Шөкеев ең тиімді әкім ретінде бірінші орынды иеленген. Сауалнамаға әр түрлі аймақ және саладан 30-ға жуық маман қатысқан.

Өмірзақ Шөкеев ақпараттық ашықтық талабынан  өзге барлық талаптар бойынша (халықтың әкім жұмысына қанағаттануы, аймақтағы экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқаруы, саясаткер ретіндегі болашағы) көшбасшы атанды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.