Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан өзін халықаралық дауларға араластыруға жол бермейді – Тоқаев

0 601

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қалыпты сыртқы саясат ұстанатынын және халықаралық дауларға өзін араластыруға жол бермейтінін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Тоқаев жетекші әлемдік державалармен және ықпалды мемлекеттермен тең құқылы сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық туралы сөз етті.

«Өсіп келе жатқан геосаяси текетірес жағдайында Қазақстан ешкімге қарсылық көрсетпейді және халықаралық дауларға өзін араластыруға жол бермейді. Біз өз жолымызды нақты белгілеп алдық: біз прагматизмге негізделген қалыпты және салмақты сыртқы саясатты жүргізіп келеміз. Осы орайда өз тарапымыздан екіжақты және көпжақты міндеттемелерді орындауға дайынбыз», – деді Қазақстан Президенті.

Тоқаев даулы мәселелер туындаған жағдайда Қазақстан ұлттық мүдделерді толық есепке алу негізінде ақылға қонымды шешімдер қабылдауға ұмтылатынын қосып өтті.

«Біз тәуелсіздік, егемендік, шекараның мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы сияқты біз үшін қасиетті құндылықтарға нұқсан келтіретін кез келген келісімдерге ешқашан жол бермейміз. Ең алдымен біз Қазақстанның мүддесін табанды түрде қорғауымыз керек», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ел президенті осы отырыста Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесі көрші елдердің нарығында ойдағыдай қорғалмай отырғанын айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.