Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір ел, бір кітап

0 461

  Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі шипажайының конференц залында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты республикалық семинар өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Семинардың ең алғашқы құттықтау сөзін Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының басшысы Байұзақов Асхат Құсайынұлы алды. Ол барлық республикалық арнайы кітапхана басшыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өткізілген іс-шаралармен құттықтады. Сонымен қатар, барлық республика кітапхана басшылары сөз алып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында брайль және сд түрінде басылып, жарыққа шыққан кітаптарды таныстырып, жылы лебіздерін білдірді.

Асхат Құсайынұлы бастаған арнайы кітапхана басшылары «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тақырыпта жасалған көрменің жанында лента қию рәсімін жасады. Республикалық кітапхана директорының кеңесшісі З.Маханова «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы жайлы мәлімет берді. Жиын барысында республикалық кітапханалардың осы семинарға брайль қарпінде және сд түрінде басып шығарған кітаптарының бейнеролигі көрсетілді. Сонымен қатар Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының сөйлейтін және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің нүктелі-бедерлі кітаптар корректоры Л.Лоншакова әріптестерге арналған викторина өткізді. Семинар соңы кітапхана басшыларының пікір алмасуымен аяқталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.