Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Ғалам аруы-2020” Камила Серікбай: Маған байлар жиі ұсыныс айтады, одан қорқудың қажеті жоқ

0 425

“Ғалам аруы-2020”, 2019 жылы «Қызылорда аруы» атанған Камила Серікбай өзіне қолайсыз ұсыныс айтатын бай-бағландардың көп екенін айтады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Түрлі ұсыныс айтатындардың саны көп” дейді Камила. Бойжеткен олардың сөзіне мән бермейтінін жеткізді.

«Қазақстан аруы»байқауына қатысқан қыздардың барлығының басында болады. Әрбіріне қолайсыз ұсыныстар айтылады. Маған да әлеуметтік желіде байшыкештер төсек қатынасын ұсынып, көптеп хат жазады. Мен олардың сөзіне мән бермеймін. Бастапқыда ауыр тиетін. “Жоқ“ деген жауап жазып жіберемін”, – деді Камила.

БАҚ-та Камиланың сұлулық байқауында табысқа жетуіне шенеунікпен туыстық байланыстары әсер еткенін жарыса жазды. Бірақ қыздың өзі бұл ақпаратты жоққа шығаруға тырысты. Ол өзінің желіде айтылғандай Қызылорда облысының экс-әкімінің немересі және жоғары лауазымды шенеуніктің қызы емес екенін мәлімдеді.

“Әкем – Ерлан Ахметов Серікбайұлы (Қызылорда облысында мұнай саласында жұмыс істейді), анам – Эльмира Абитова, үй шаруасындағы әйел. Туыстарымның арасында шенеуніктер жоқ”, – деді ол.

Айта кетейік, «Қызылорда аруы — 2017» байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртаза мейрамханада ыдыс жуып, даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді. Оған себеп бұрынғы жұмысындағы басшылары төсек қатынасын ұсынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.