Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының полицейлері көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды

0 513

  Тараз қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының  қызметкерлерімен түнгі пысықтау кезінде 2021 жылдың 15 қарашасында шамамен 03:00-де жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйел адамның секіруге дайын тұрғандығы жайлы хабарлама келіп түскен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп жас қызбен сұхбаттаса отырып, оны райынан қайтарып, құтқарып алған.

22 жастағы қала тұрғыны Тараз қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының капитаны Абдрахманов Айдын және полиция аға лейтенанты Мирибилдаев Рауан мен Тараз қалалық Полиция Басқармасына жеткізілген, ол өзінің күйзелісте боландығын және суицидке бел бұғандығы жайлы айтқан. Жас қызбен профилактикалық жұмыс жүргізілді, қазіргі таңда психологтармен бірлескен жұмыстар жасалуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.