Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы негізде салғыза алады

0 204

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жүкті әйелдер мен жасөспірімдерден басқа санаттағы қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын ақылы негізде егу туралы бастамасын үкімет басшысы Асқар Мамин қолдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланыпты. Вакцинация республиканың 7 өңірінде, атап айтсақ, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында басталды.

“Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ВАК тапсырмасына сәйкес, азаматтарды вакциналау үшін COVID-19 Comirnaty Pfizer екпесін коммерциялық нарықта ақылы негізде салу мүмкіндігі туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдауыңызды өтінемін”, – деді Цой.

Оның бұл бастамасын Асқар Мамин мақұлдады.

“Нарықтың коммерциялық сегментіне вакциналарды жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын, осылайша азаматтар өздеріне қажетті вакцинаны ақылы түрде жасай алады”, – деді премьер-министр Асқар Мамин.

Еске салсақ, бұған дейін үкімет басшысы елімізде Pfizer вакцинасын алатын азаматтар тізімі кеңейтілетіні жайлы айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.