Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте күйеу баласыз той өтті

0 671

Шымкентте күйеу баласыз ұзату той өтті. Қалыңдық жалғыз болған ерекше тойдың видеосы желіде жария болды. Желі қолданушылары таңғалғанын жасырмай, түрлі пікір жазысты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сара Тоқтамысқызы желіде хабарлады.

Айтыскер күйеу баласыз өткен тойды басқарып, ерекше қыз ұзату болғанын айтады. Ол жалғыз қалған қалыңдықты қолдап, той соңына дейін жанында болған.

“Шымкент қаласында ерекше той болды. Күйеу баласыз ұзату тойы өтті. Қалыңдық той алдында қобалжып тұр екен. Қорықпа дегендей қолынан қысып-қысып қойдым. Күйеу баламен Америкада танысқан. Мирас есімді ыстының жігіті. Визасы дайын болмай тиісті уақытта елге келе алмай қалған екен. Содан қалыңдықты жалғыз ұзатуға тура келді. Той осылай керемет басталды десем де болады. Бір жағы, Шымкентте танысқан визажист сіңлім Раномның сіңлісі”, – деді айтыскер.

Желі қолданушылары таңғалғанын жасырмай, түрлі пікір жазысты.

“Жүре берсең, көре бересің деген”, “Осындай да той болады екен-ау”, “Енді қайтсін, неше түрлі жағдай болады”, “Қайта тойдан бас тартпапты ғой”, “Күйеу баласыз өткен қызық шығар”, “Бастысы бақытты болсын, есте қаларлықтай болған шығар”, “Қалыңдық, жарайсың”, “Жастар бақытты болсын”, “Тойда небір қызықтар болады”, – деп жазды желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.