Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сағынтаевтар Таласқа 5 миллион теңгенің серитификатын сыйлады

0 227

Жақында ғана Үшарал ауылында 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілген Әбдір Сағынтаев ағамыздың кейінгі ұрпақтары қашанда қайырымдылық шараларының бел ортасында жүретіндігі баршаға мәлім. «Туған жерге туыңды тік» – деген қағиданы берік ұстанған Әбдір ағаның балалары әр кез игі бастаманың ұйытқысы болып келеді.
Бүгінде аудандық әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында «Азия газ құбыры» ЖШС-нің Бас директоры Ғалымжан Сағынтаев тұрмысы төмен, көпбалалы аналарға көмектесу мақсатында ауданымыздағы «Нұр-Тау» қоғамдық қорына 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Сертификатты Алматы қаласынан арнайы келген серіктестіктің аға инспекторы Бегалы Ералиев, қызметкерлер Жанар Шаймұханова мен Айжан Камалбек аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен «Нұр-Тау» қорының төрағасы Ақынбек Бектайға табыстады.
Өз кезегінде аудан басшысы Қанатбек Мәдібек аудан халқы атынан Ғалымжан Таймасұлына алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.