Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атыраудағы газ жарылысы: Екі жас жігіт көз жұмды

0 531

Атырауда газ қазандығы жарылған кезде қатты күйіп қалған 19 жастағы екі жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Екеуі де II-III дәрежелі күйікпен ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес,  науқастардың бірінің денесін 85-90 процент күйік шалған. Ол 14 қараша күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

«Екінші науқастың денесінің 90-95 проценті күйіп қалған. Ол да көз жұмды», – дейді дәрігерлер.

Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Оның денесі 25-30 процентке күйген.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Атыраудағы 24-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік үйде газ қазандығы жарылған. Артынан алапат өрт басталды. Тілсіз жау 120 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Екеуін бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.