Қалалық қоғамдық-саяси газет

Беделхан Ninety One тобын «көгілдір» деп ойлайтындарға жауап берді

0 542

Ерболат Беделхан «91» тобын сахналық стиліне бола «көгілдір» деп ойлайтындарға жауап берді. Продюсер о баста мұндай сөздердің жүретінін біліп, жігіттерді 2 жыл дайындағанын жеткізді. Алайда, соған қарамастан, елдің сөзі солистерге ауыр тигенін айтты. Бұл туралы Беделхан «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Бұл – адамның өзінің ішіндегі ойлары. Ал, мүмкін, ол көгілдір емес шығар?! Демек, сен ой салып тұрсың. Сырға мен шаш бояуды тереңінен зерттесеңіз, мәселе «көгілдірлерде» емес екенін түсінесіз. Баяғы білімнің жетіспеушілігі және Кеңес одағының тәрбиесі деп айтар едім.
Содан шыға алмай қалған адамдар солай ойлайды», – дейді Беделхан.

Продюсер Қазақстан шоу-бизнесіне «поп» сөзін алып келуді мақсат тұтқан. Себебі «эстрада» сөзімен экспортқа, яғни шетел нарығына шыға алмайтынымызды түсіндірді. Беделхан 20 жылдық тәжірибесін қолдана отырып, жігіттерді 2 жыл тәрбиелеген.

«Әрқайсысы өнерлі. Мысалы, Батырхан Мәліков (Alem) – жоғары білімі бар музыкант. Бірақ джаз-вокалист болғандықтан, оның білімі кейде кедергі келтіреді. Өнерлі балаларды іріктей отыра, оларды 2 жылдай дайындадым. 

Тек би, ән емес. Психологиялық тұрғыдан дайындадым. Ертең осындай әңгімелер болады, тіпті жақының келіп айтуы мүмкін, дедім. Алғашқы қадам болғандықтан, өте ауыр тиеді. Барлық жағынан түсінді, білді. Демек, жас болды олар да. Үзілді-кесілді келісіп, келісімшартқа қол қойғанның өзінде балаларға ауыр болды», – деді Беделхан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.