Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен

0 188

Ақмола облысында әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз іздестіріліп жатыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл 12 қарашада  кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан. Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқ екенін айтқан. Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген. Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

«Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», – деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Қазір  жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.