Қостанай облысында кісі өліміне қатысты іс тергелуде. Өңірдің ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлімге қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.
“Тобыл қаласының Набережная көшесінде ер адам қызғаныш себебінен туындаған жанжал барысында 54 жастағы ер адамды ұрған. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды”, – делінген полиция хабарламасында.
Факті бойынша ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.