Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысына «Комирнати» Pfizer вакцинасы жеткізілді

0 312

  2021 жылдың 11 қарашасы күні Жамбыл облысына «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасының 40 950 дозасы мұздатылған күйде жеті термобокс авторефрижераторымен жеткізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Термобокстың ішінде вакцина құрғақ мұзбен жабылған. Ол 2021 жылғы 20 қазандағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №46 Қаулысыныңәдістемелік ұсыным талаптарына сәйкес түсірілді және -90С-тан -60С-қа дейінгі температуралық режимде мұздатқыш камераға орналастырылды.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоймасының мамандары мұздатқыш камераларға Пфайзер вакцинасын орналастыру кезінде арнайы киім, жылу оқшаулағыш қолғап пен көзілдірік киді.

БМСК деңгейіне вакцина ақпараттандырылған келісім санына өтінім алу арқылы  беріледі. Тараз қаласында осы егу науқанының басында Пфайзер вакцинасын егу №2 және №5 қалалық емханалар базасындағы егу кабинеттерінде (жүкті, бала емізетін әйелдер, сондай-ақ ата-аналарының қалауы бойынша жасөспірімдер) жүргізілетін болады.Бірақ жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алған және мектеп қабырғасында медпунктке егілгісі келген жағдайда, аумақтық емхана дәрігерлерінің көшпелі егу бригадасы вакцина дозаларының санына өтінім жасап, оқу орнына барып, жасөспірімдерді вакцинациялауы тиіс. Осылайша, барлық БМСК Пфайзермен жұмыс істеуге дайын болуы тиіс.

Аудандарда орталық аудандық емханалардың базаларында Пфайзермен жұмыс істеу үшін жеке егу кабинеттері қарастырылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  қоймасында  оқу орындарына шығу үшін ақпараттандырылған келісімімен вакцинаның қажетті мөлшерін алу  бойынша  дәрігерлердің мобильді бригадасы құрылуда.

15 қараша күні  облысқа «Комирнати» (Pfizer) вакцинасымен егу жұмыстарының дайындығын тексеру үшін республикалық мамандар келеді.

Call-орталықтар: №2 қалалық емханасы  8 (708) 455 71 57,  №5 қалалық емханасы: 8-7262-555-160, қалалық телефон «13-02» бойынша тегін, ұялы байланыс операторлары үшін 8-800-080-48-21. Ниет  білдірушілер (жүкті, бала емізетін әйелдер және 12-17 жастағы жасөспірімдердің ата-аналары) екпе алуға жазыла алады.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.