Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз жастары арасында байқау жарияланды

0 250

Жастарды көтермелеу жөніндегі байқаудың ережесі

Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында волонтерлық қызметтер, Тараз қаласының көркеюуі мен шығармашылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жастар арасында байқау жарияланады.
Байқауға:
1. «Жас журналист»;
2. «Жас ғалым»;
3. «Жас құқық қорғау органы қызметкері» (учаскелік инспекторлар);
4. «Үздік жастар ұйымы»;
5. «Қоғамдық қызметкер» (әлеуметтік, жол тазалығын сақтау учаскесінің жұмысшылары) номинациялары бойынша жергілікті атқарушы органдар, кәсіподақ, шығармашыл ұйымдарының және оқу орындарының ұсыныстарымен жасы 29-ға дейінгі (Тараз қаласының тұрғыны) азаматтар қатыса алады.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттардың тізімі:
– үміткердің шығармашылық қызметі және жетістіктері туралы ұсыныс- мінездеме;
– ұсынып отырған мекеменің шешімі;
– жеке іс парағы;
– 2 сурет (4х6);
– жеке куәліктің көшірмесі;
Тиісті құжаттарды 2021 жылдың 26 қарашасына дейін «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №28 үй) қабылдайды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.