Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Суықта тұруға мәжбүр болдық»: Шымкентте науқастар мен дәрігерлерді емханаға кіргізбей қойған

0 199

Шымкенттегі екінші емханада бүгін жанжал шықты. Науқастарды емдеу мекемесіне кіре алмай бірнеше сағат бойы суықта тұруға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың кейбіреулері дәрігерге қаралуға, басқалары қажетті анықтамаларын алуға келгенімен, тұрғындар қажетті медициналық қызметті ала алмаған.

Күзетшілер науқастарды емхана аумағына кіргізбей қойды.

“Бүгін таңертең келгенбіз, бізді кіргізбей қойды. Жүрегіме ота жасау үшін Нұр-Сұлтанға баруым керек. Құжаттарымды жинауға 10 күн берді, бірақ ауруханаға кіргізбесе үлгермейтін сияқтымын”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Сергей Пахомов.

Аурухананың алдында ота жасату үшін құжат жинағандардың қарасы көп.

«Мен анамның амбулаториялық картасын алуға келдім, оны отаға дайындап жатырмыз. Жеті жарымнан бастап тұрмыз, емханаға кіргізбей жатыр. Дәрігерлер де тұр, не істерімді де білмеймін», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Сейтекова.

Науқастар ғана емес, дәрігерлер де жұмыссыз қалды. 409 дәрігер мен медбике жұмысына кірісе алмаған.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов келгенше, науқастар мен дәрігерлер бірнеше сағат бойы аязда тұрып қалды. Оның айтуынша, екінші емхананың ғимараты жеке компанияның сенімді басқаруына берілген. Дәл осы компания емдеу мекемесінің есігін жауып тастаған.

“Бүгін ғимаратты жауып тастады. Олар адамдарды кіргізбейміз деп отыр. Мұндай тіпті жұмыс істейтін дәрігерлер де кіре алмай отыр”, – дейді Бақытжан Позилов.

Екінші емхана – Шымкенттегі ең үлкен емханалардың бірі. Ол өзіне бекітілген 60 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.