Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда аязға шыдайтын пальмалар өсіріледі

0 460

Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағының қызметкерлері Ақтау қаласында субтропикалық пальмалар өсіреді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Субтропикалық өсімдіктерді сынақтан өткізу ғалымдар кейінгі жылдары байқаған климаттың өзгеруімен байланысты екендігі атап өтілді.

«Климаттық көрсеткіштерді талдау нәтижелері бойынша кейінгі 10 жылда Маңғыстауда 286 күн орташа +10 градус температура сақталды. Климаттың мұндай көрсеткіші Маңғыстауда өсімдіктердің жылу сүйгіш түрлерін жерсіндіруге мүмкіндік береді деп болжанып отыр», – деп нақтылануда ботаникалық бақтың Facebook-тегі парақшасында.

Ботаникалық бақ анар, зәйтүн, олеандр, зәйтүн, лавр, темір ағашы, магнолия және розмарин сияқты субтропикалық өсімдіктерді өсіруді сынақтан өткізе бастады.

«Сонымен қатар, бақта қыста -10 градус температураға төтеп бере алатын пальма ағаштарының 3 түрі сыналады. Биыл 12 көшеттің тек екеуі ғана қыстан шықпады, қалғандары өсіп келеді, тәжірибелік жұмыстар жалғасып жатыр», – деді ботаникалық бақта.

Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы – Батыс Қазақстандағы жалғыз ғылыми ұйым, оның міндеттеріне экстрааридтік табиғи-климаттық жағдайларда отандық және әлемдік флораны дамыту мәселелерін шешу кіреді. Бақтың тарихы 1972 жылдың қаңтарынан басталады. Сондай-ақ, бақ «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне» енгізілгені нақтыланып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.