Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ақкөңілділігіне ғашық болып үйлендім, сөйтсем, өмірде олай болмайды екен»: Толымбек Әлімбекұлы әйелімен қалай танысқанын айтты

0 1  169

Белгілі сатирик Толымбек Әлімбекұлы бүгінгі сатираға көңілі толмайтынын айтты. Әсіресе театрлардың саны көп, сапасы жоқ. Бұны реттеуші мекеме жоқ деп кейіді. Осы мәселені министрлікке жеткізгенімен, оң жауап алмағанын тағы айтты. Жазушы әйелімен таныстығы, отбасы жайлы да сыр шертті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ”Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.

Танымал сатириктің айтуынша, қазіргі театрлар сын көтермейді. Әзілдері күлуге тұрарлық емес.

“Таяқ лақтырсаң, тетрға тиеді. Не көп, театр көп. Әркім жеке театр ашып алған. Оның бақылаушысы, реттеушісі, сүзгіден өткізушісі жоқ. Бұрын көркемдік кеңес деген болды. Қазір ешқайсысы жоқ. Өзі би, өзі қожа. Өздері айтып, өздері күледі. Сын жоқ болған соң бәрін өзі біледі. Әр әзілді тексеру керек. Оның сахнаға шығу-шықпауын реттеу керек”, – дейді  Әлімбекұлы.

Сатирик бұл мәселені қозғап, мәдениет министріне хат жазған. Алайда оң жауап келмеген екен.

“Мен Ақтоты Райымқұловаға хат жаздым. Осы мәселенің шешу жолын ұсындым. Көркемдік кеңес керек деп қадап айттым. Тіпті оған мүше болуға лайықты азаматтарды да жаздым. Бірақ оң жауап алмадым. Қазіргі жеке театрларға құзыретіміз жүрмейді деп жауап берді. Солай әркім білгенін істеп жүр”, – деп ренжіді.

Жазушы әзілден сапа кетті деп ренжіді. Бұрынғыдай өзіне де көп тапсырыс түспейтін көрінеді. Отбасында екі ұлы әлі бойдақ. Егде тартқан шағында немере аңсап жүр.

“Екі ұлым да үйленеміз деп, айнып қалды ма, үйленбеді. Енді екеуіне де келін керек. Енді үйленбесе, келін іздейтін шығармыз. Немере керек”, – деп күлді.

Жазушы әйелімен таныстығы, отбасы жайлы айтып өтті.

“Әйелім екеуміз курстаспыз. Бір күні 1 курста емтиханнан шығып тұрсам, бір қыз қуанып шықты. “4” алдым деп айқайлады. Ана қыздың көңіл күйіне риза болдым. Сондай ақкөңіл қыз екен деп ұнаттым. 3 жыл кездестік. 4-курста үйлендік. Мен оны өмір бойы күліп жүреді екен деп ойлаппын. Өмірде ондай болмайды екен ғой”, – деп күлді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.