Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анасы: Баян ауыр соққы алып ауруханада жатқанда маған жылама деп ұрысты, «бұл махаббат» деп күлді

0 388

Баян Мақсатқызының анасы қызының 5 жыл бұрынғы жағдайына тоқталды. Көз жасы, соққы күйзеліс, қолдау мен отбасының сүйеу болу әйелге ең керек нәрсе дейді ол. Гүлжамал ханым қызының қайсарлығының әрі күйеуіне деген махаббаты оның тез аяққа тұруына себепкер болды дейді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Гүлжамал ханым 5 жыл бұрынғы оқиғаның отбасы үшін ауыр соққанын мойындайды. Қызының денсаулығы, күнделікті күйзеліс, көпшіліктің қаңқу сөз, ешқайсысы оңай тимеген. Алайда ешбіріміз сөзге мән бермедік. Тек Баянның денсаулығын ойладық дейді.

“Мен аурухана кіргенде Баян есін біліп жатты. Ол екінші күні-ақ есін жинады. Бірақ бетіне қарау мүмкін болмады. Адам қарағысыз, аярлықтай еді. Мен кірдім де жыладым. Баян маған ұрысты. Жылама деді. “Мені аяудың керегі жоқ. Бұл махаббат, мама” деп күлді. Мен махаббаттың күшімен қайта тұрамын деді. Мен бірден өзімді жинап алдым. Жыламау керек екенін түсіндім. Шынында да оның махаббатына сендім”, – деді анасы.

Гүлжамал ханым бұл ретте күйеу баласы Тұрсын Алагөзовке алғысын айтады. Оның қолдау Баянға өте қажет еді деп мойындайды. 

“Тұрсын жансақтау бөлімінде қонды. Күні-түні қасында болды. Бізге қайта беріңіздер, мен қараймын деді. Біз кезекпен келдік. Елдер небір әңгіме айтып жатты. Ешқайсысына мән бермедік. Бізге тек Баян маңызды болды. Ол жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатты. Өлім мен өмір арасында арпалысты. Оны аман қалуын тіледік. Расында да Баян тез жиналды. Махаббаты әсер еткен шығар. Біз емес, ол бізге басу айтты”, – дейді ол.

Гүлжамал ханым үнемі балаларының амандығын тілеп дұға етеді. Қыздарына “аман болыңдар” деген сөзді жиі айтады. Мұны қыздары да мойындайды. Ал Баян Мақсатқызы қыздарыма сендерді жақсы көремін деген сөзді жиі айтады. Егер балаларыма бір сөз айтсам, ол оларды “жақсы көретінім” дейді продюсер Баян.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.