Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында көпфункционалды «Игілік» кәсіпорнының (қазандықтың) аумағында апатты жағдайдағы жұмыс істемей тұрған түбінде мазут қалдықтары бар сыйымды ыдыс өртке оранды . Жамбыл облысы ТЖД кезекшілік қызметіне хабарлама 15 сағат 58 минутта келіп түсті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Өрт оқиғасы орнына Талас ауданы ТЖ бөлімінің жедел тобы, № 12 өрт сөндіру бөлімінен 12 адам жеке құрам және 3 бірлік техника шықты.
Өрт 17 сағат 00 минутта сөндірілді. Жарақаттанғандар мен мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген. Алдын ала болжамы – сыйымдылықты бөлшектеу кезінде дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті түрлі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алатындығын және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін еске салады!