Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кітап оқы, білімді бол

0 352

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Руханият және тарихтану орталығында «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты облыстық байқауы өтті,-деп хабаралайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Байқауға Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаман, «Aq Jol» газетінің бас редакторы Дәуіт Оралхан, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ардагері Мейрамкүл Ысқақ пен «Ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету» бөлімінің бөлім меңгерушісі Айгүл Оразқұлова қазылық етті.
Байқау талаптары бойынша қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмады. Сайыс талаптары бойынша қатысушы топ ұсынылған 120 кітаптың 40 кітабын оқуы, ал мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандар тобына 120 кітаптың 15-ін оқуы шарт болды.
Кітап оқу сауаттылығын арттырып, заманауи қоғамдағы табысты, бәсекеге қабілетті және өзара іс-қимыл жасай білетін тұлғаны қалыптастырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткен байқау жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.
Т. Рысқұлов ауданы кітапханасынан қатысушылар 1 орын биігінен көрінсе, Жаңатас қаласынан қатысқандар 2 орынға қол жеткізді. Меркі ауданы 3 орынды қанағат тұтты. Ал Саудакент, Байзақ, Шу аудандары ынталандыру сыйлығына ие болды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.