Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан

0 4  493

Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі сайттың жұмысына тыйым салды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Украина ІІМ баспасөз қызметінің сайтына сілтеме жасап.

Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.

«Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы («Жеке өмірге қол сұғушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар сайттардағы, соның ішінде мемлекеттік сайттардағы, WhatsApp-чаттардағы дербес деректерінің таратылғанына шағымданған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.