Ariel, Тide, «Миф», Persil маркаларын пайдаланып кір жуатын ұнтақ шығарып келген жасырын цех әшкереленді
Ariel, Тide, «Миф», Persil маркаларын пайдаланып кір жуатын ұнтақ шығарып келген жасырын цех әшкереленді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Контрафактілік кір жуу ұнтақтарын шығаратын жасырын цех қызметі тоқтатылды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің мәліметінше, цех Түркістан қаласынан анықталған.
«Жедел-іздестіру шаралары кезінде Түркістан қаласының тұрғыны «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ашқаны, онда заңсыз жолмен «»Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды. Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды. Құқық иесі «The Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келген»,- деп жазылған хабарламада.
Заңсыз әрекетке барған Түркістан қаласының тұрғынына 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.