Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық оқушылар халықаралық білім бәсекесінен жеңіспен оралды

0 400

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында ХІІІ халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша олимпиадада Жамбыл облысының 3 оқушысынан құралған команда бірінші орынды иеленді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.  

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген спорттық жарыста да жасөспірімдеріміз жеңіске жетті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың ішінен суырылып шыққан өрендеріміз – Меркі ауданындағы №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейдің оқушылары. Нақтылай айтқанда, Әмірқұл Әлішер ағылшын, математика пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды иеленсе, Жақсылық Данияр информатика пәні бойынша үшінші орыннан көрінді. Ал Османов Османпаша ағылшын-биология пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды қанжығалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.