Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда педофилдерге электронды білезік тағылады

0 253

 2022 жылдың қаңтарынан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Ол пробациялық бақылауды дамыту үшін электронды білезіктер енгізіліп жатқанын айтады.

«Биыл біз пилот ретінде осы жұмысты бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды білезіктер педофилдерге тағылады», – деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министр Қазақстанда зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылғанын еске салды. Енді осы қылмыс үшін сотталғандарға мерзімінен шартты түрде босату және рақымшылық шаралары қолданылмайды.

Былтыр жазда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрлік сотталғандарға электронды білезік сатып алмайтынын мәлімдеген еді. Ол электронды білезіктер өте қымбат екенін, ал сотталғандарды қосымша арқылы бақылауға болатынын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.