Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кафеге келген келіншектің жағын сындырған әйел ұсталды

Жанжалдасып қалған екі әйел, кафеде төбелесіп қалған.

0 499

Polisia.kz-тің жазуынша, Қарағандыда келіншек кафеге келген әйелдің жағын сындырды.

Полицияға 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол кешке кафеге барған. Сол жерде екі әйел ұрысып қалады. Екеуара жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, дене жарақатын салған.

Жақ сүйегі сынған арызданушы медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

28 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Күдікті қылмысын мойындаған, тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.