Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар – Энергетика министрлігі

0 391

ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ведемстваның баспаөсз қызметі.

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде « кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ « деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», – деп жазады министліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.

«Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады», – делінген ресми ақпаратта.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.