Жүктілігін жасырған 17 жастағы бойжеткен YouTube сайтындағы нұсқаулық бойынша сәбиін дүниеге әкелген
Үндістанда 17 жастағы қыз жүктілігін ата-анасынан жасырып, YouTube видео нұсқауларын көмегімен өз бөлмесінде босанды. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Керала штатындағы Коттаккал қаласында болды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, үнділік әйел 20 қазанда сәбиін дүниеге әкелген, бірақ бұл екі күннен кейін, ата-анасы қызының бөлмесінен жаңа туған нәрестенің айғайлаған дауысын естігенде ғана белгілі болды.
Сонымен қатар, болашақ ана үлкейген ішін жасыру үшін кең киім киген. Үнділік келіншек жүкті екенін білген бойда YouTube-тен босану туралы бәрін зерттеп, өзін дайындап, босанғаннан кейін тіпті қайшымен кіндік кесіп те үлгерген. Қазір жас ана мен бала ауруханада жатыр, олардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
Оларды ауруханаға жеткізгеннен кейін көп ұзамай полиция 21 жастағы жергілікті тұрғынды кәмілетке толмаған қызды зорлады деген айыппен ұстады.
«Олар қарым-қатынаста болған. Жігіт қыздың үйіне қонаққа келген, олар жыныстық қатынасқа түскен», – деді құқық қорғау органдарының өкілі.
Жастардың отбасы балалардың романтикасын біліп, қыз кәмелетке толған соң тұрмысқа шығуға келіскені белгілі болды. Жасөспірім жүктілігін отбасы арасындағы келіспеушіліктен қорқып жасырғанын түсіндірді.