Қалалық қоғамдық-саяси газет

Cегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған ер адам анықталды

0 432

Испанияның ұлттық полициясы сегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған йемендік ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесумен айналысатын үкіметтік емес ұйымның өкілі полицияға ер адамның үстінен шағым түсірді. Ол көмек көрсететін отбасылардың бірінде төрт қыздың ер адамның ықпалында өмір сүретінін айтқан.

Тергеу барысында ер адам Йеменнен 2014 жылы екі қызы мен екі жиенін алып кеткен. Бұл ретте әпкесінен ешқандай рұқсат алмаған. Содан бері олар Малайзия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Эквадор, Колумбия, Түркияда тұрған.  2020 жылдың наурызында Испанияның Мурсия қаласына көшіп келген. Қыздарының бірі және бір жиені кәмелет жасына толмаған.

Пәтерді тексеру кезінде азық-түлік ер адамның бөлмесінде екені, ол оны өз қалауы бойынша таратқаны анықталды. Қыздардың бәрі әбіржіген күйде еді. Пәтердегі жағдай өте нашар болды – терезелері жапсырылған, матрацтар санитария талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ, тінту кезінде пәтерде қолма-қол ақша табылды (5 мың евро және 2,5 мың американдық доллар).

Қыздар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен ер адамның көз алдында сөйлескені белгілі болды. Олар тіпті аналарының нақты қайда екенін де білмейді.

Испания билігі ер адамның жиендерінің анасымен байланысқа шықты. Әйел сегіз жылдан бері қыздарынан хабар ала алмағанын айтты.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.