Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйелімен ұрысып, пойызда «мина бар» деген азамат құрықталды

0 292

Алматы-Қостанай бағытындағы #43 пойыз кеше түнгі сағат 00.33 уақытында Есіл станциясында тоқтатылған деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі newsroom.kz. сайтына сілтеме жасап.

Себебі, сол уақытқа дейін 102 телефон желісіне аталмыш пойызда мина бар деген хабар келіп түскен. Қоңырау шалған адам дереу анықталып, жолаушылар эвакуацияланған. 19 жолаушы және 1 пошта вагоны толықтай тоқтатылған.

Белгілі болғандай Қостанайға бағыт алған 1999 жылғы келіншек отырған жер ерекше тексерілген. Бірақ ол орын мен бүкіл пойыздан күдікті зат табылмаған. Кейіннен анықталғандай келіншекпен бірге тұрған 1991 жылғы азамат онымен ұрысып қалған соң, пойызды тоқтатып қоятынын айтқан.

Қазір пойыздың жүру уақыты графикке сай қалпына келтірілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.